Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мейірім жанның тазалығы

Мейірім жанның тазалығы

06 Қараша 2017

Қоғамдық денсаулық сақтау, биология және фармация факультетінің студенттердің өз өздерін басқару «мейірімділік» секторының  жетекшісі 3 -курс студенті Бостанова Гаухардің басқаруымен  «мұқтаж адамдарға көмек» тақырыбы бойынша  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар мұқтаж адамдарға көмек көрсету мәселелерін, сектор  кімге және қалай көмектесе алатындығын талқылады.

Исмаилова Ұлжан қатысушылардың деңгейін анықтау үшін кішігірім тест жүргізді  мейірімділік пен аяушылық қазіргі уақытта ең үздік негізгі қасиеттер екенін көрсететту мақсатында, барлық қатысушылар белсенді қатысты.  Сонымен қатар Кадирбаева Айгерим, Самарханова Аяна, Акушева Каламкас, Тютюкова Лаура және Сайдулла Әсел кішігірім әлеуметтік эксперимент жүргізді.

Ескермесова Кундыз қазақ тілінде таныстырым  ұсынды, сонымен бірге мұқтаж адамдарға көмек көрсетудің әдістері жөнінде өз пікірімен бөлісті.

Дөңгелек үстел соңында, операцияға мұқтаж 13 жасар Арман Абильдинге көмектесу мақсатында  6 қараша күні өтетін  Кеншілер мәдениет сарайында қайырымдылық концерт қатысуға шешім қабылданды.

Әлемге жақсылық әкеліңіздер, ол жылулықпен оралады, оны түсіну және дұрыс таңдау жасау өте  маңызды. Сіз әрдайым жақсылық  бар  жердесіз!

Заскалько Екатерина Евгеньевна

Қоғамдықденсаулықсақтау, биологияжәнефармация факультетінің ақпараттық сектор меңгерушісі

0
5629

пікірлер

пікір қалдыру үшін.