Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа тәжірибе және жаңа перспективалар

Жаңа тәжірибе және жаңа перспективалар

02 Қараша 2017

Мен, «Жалпы медицина» мамандығының 5-курс студенті, Шатагулова Эльвира Юрьевна, KazMSA студенттік жастар ұйымынан кәсіби тәжірибе алмасуға қатысу мүмкіндігіне ие болдым. Мен кәсіби тәжірибемді Бухарест қаласындағы ең мықты аурухана базасында – Spitalul Clinic de Urgenta Bucuresti, «Пластикалық ота» бағытында өттім. 

Менің екі керемет тәлімгерлерім болды,  пластикалық оташылар - Богдан Киару және Адриан Фрунза. Аурухана қабырғасында өткен әр бір күн қайталанбастай болды, менің тәлімгерлерім өте қайырымды, мейірбан адамдар болды, олар білімдерімен және тәжиірбелерімен қуана бөлісті, жаңа айлалы әрекеттерге оқытты және әр түрлі пайда болған мәселерге немесе  сұрақтарға толық жауап берді. Осы госпитальдің барлық үлкен дәрігерлік ұжымы IFMSA бағдарламасы бойынша алмасып келген қатысушыларды қуана қабылдады. FASMR (Romania) ұйымынан Augustincoming қатысушылары  әртүрлі  елдердің  медициналық студенттері болды – Түркия, Италия, Ресей, Мексика, Эквадор, Марокко, Тунис, Сербия, Хорватия, Үндістан, Жапония, Греция және Қазақстан.  Барлығымыз әртүрлі болдық, бірақ бізді біріктірген – білімге деген ұмтылыс,  медицина саласындағы жаңа тәжірибе алу, науқастармен  және бір-бірімізбен қарым қатынасты орнату.   

Сонымен қатар, FASMR (Romania) тобындағы балаларды бөліп айтқым келеді, себебі олар жемісті жұмыс атқарды. Румынияның бірнеше қайталанбас орындарын тамашаладық; Пелеш сарайын, граф Дракула қорғаны ретіндегі аса танымал Бран корғанын,  Балеа өзенін, Парламент сарайын, көптеген мұражайлар  мен  саябақтарды араладық.

IFMSA бағдарламасына, халықаралық  ынтымастық  қызметкерлеріне және Боллон үдерісіне, сондай-ақ, КММУ ректоры, профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына кәсіби алмасуға  қатысуға мүмкіндік  алғаным үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді!


0
5322

пікірлер

пікір қалдыру үшін.