Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Н.Тестемицану атындағы Фармация және медицина университетінің (Молдова) профессоры Виктор Ботнарудың ҚММУ-не сапары

Н.Тестемицану атындағы Фармация және медицина университетінің (Молдова) профессоры Виктор Ботнарудың ҚММУ-не сапары

01 Қараша 2017

2017 жылдың 31 қазаны мен 10 қарашасы аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ҚММУ-не дәріс оқуға Н.Тестемицану атындағы Фармация және медицина университетінен (Молдова) профессор Виктор Ботнару келді. Профессор №2 ішкі аурулар кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығының 6-курс интерндеріне тәжірибе сабақтарын өткізіп, интерндер, резиденттер мен профессорлық-оқытушылық құрамға пульмонология мен аллергологияның өзекті мәселелері бойынша дәріс оқитын болады. 

 Дәріс курсы салыстырмалы диагноз мәселелерін қарастыруды, тәжірибедегі қызықты клиникалық оқиғаларын, тыныс алу жолдары ауруларының диагностикасы мен емдеудің заманауи әдістерін талдауды көздейді. Сонымен қатар, профессор Виктор Ботнару Қарағанды қ. Облыстық клиникалық ауруханасының пульмонологиялық бөлімшесінде дифференциалды-диагностикалық тұрғыда қиын пациенттердің консилиумдарында қатысады.



0
5934

пікірлер

пікір қалдыру үшін.