Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ Диссертациялық кеңес отырысы жайлы

ҚММУ Диссертациялық кеңес отырысы жайлы

31 Қазан 2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасының 31.03.2016 ж. №316 бұйрығына сай Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде 6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D.) ғылыми дәрежесін алу үшін Диссертациялық кеңесі ашылды. Диссертациялық кеңес құрамы ҚММУ Ғылыми Кеңесімен бекітілді(2017 жыл 31 шілде №13 хаттама).

2017 жылы 19  қазанда университетте 6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін қорғау өтті.

Диссертациялық кеңес отырысын төрайым Турмухамбетова Анар Ақылбековна ашып, кеңестің ашылуымен құттықтап, күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібіндефилософия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін қорғау өткізу. Диссертация тақырыптары медицинаның өзекті сұрақтарына арналған: «Қарастырылатын гендердің мутациялық бейінін меңгеру кезінде фторхинолондарға С.trachomatis тұрақтылығының таралуын бағалау» (докторант Ж.Т. Амирбекова, ғылыми кеңесшілері Евгеньева Ирина Алексеевна, м.ғ.к., ҚММУ «Акушерлік іс және гинекология» кафедрасының доценті, Азизов Илья Сулейманович, м.ғ.д., Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Смоленск мемлекеттік медицина университеті Жоғары білім беретін федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің микробқа қарсы химиотерапия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері,, Эйдельштейн Инна Александровна, б.ғ.к., Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Смоленск мемлекеттік медицина университеті Жоғары білім беретін федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің микробқа қарсы химиотерапия ғылыми-зерттеу институтының молекулярлық диогностика зертханасының жетекшісі) және «Антибиотиктерді хирургиялық  жұқпа  ошақтарына  жасуша  тасымалдағыштарының  көмегімен  бағыттап  жіберудің фармакокинетикалық аспектілері (эксперименттік зерттеу)»   (докторант З.А.Юсифов, ғылыми кеңесшілері Лохвицкий Сергей Викторович, м.ғ.д., ҚММУ №2 хирургиялық аурулар кафедрасының  профессоры, Гуляев Александр Евгеньевич, м.ғ.д., Назарбаев университеті АҚ «National Laboratory Astana» Өмір туралы ғылым орталығының жетекші ғылыми қызметкері, Альбертон Иосиф Натанович PhD докторы, Шаарей Цедек Медицина орталығының «Бет» хирургия бөлімшесінің жетекшісі. Иерусалим қ., Израиль).

Диссертациялық кеңестің мүшелері, ресми пікірсарапшылар жұмыстардың өзектілігін, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы мен құндылығын атап өтті. 

Табысты қорғауларыңызбен құттықтаймыз!!!


0
5899

пікірлер

пікір қалдыру үшін.