Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ студенттері Халықаралық«Жыл студенті - 2017» байқауының жеңімпаздары атанды

ҚММУ студенттері Халықаралық«Жыл студенті - 2017» байқауының жеңімпаздары атанды

30 Қазан 2017

2017 жылы 20 қарашада «Жалпы медицина және стоматология» факультетінің үшінші курс студенттері Ресей федерациясы, Пенза, «Ғылым және Білім» ғылыми бірлестігінің Халықаралық орталығымен жүргізілген Халықаралық «Жыл студенті - 2017» байқауына қатысты.

3 - курс студенттері Д. Шестакова мен Т. Кабденнің «Белок тапшылығындағы алиментарлық дисбаланстың өсуші ағзаның құрылымдық дамуына әсері» тақырыбына жасаған жұмысы «Медицина ғылымдары» секциясының I дәрежелі дипломымен марапатталды.

3 -  курс студенттері М. Селиванова мен Т. Гайсаеваның «Липидтерге бай алиментарлық дисбаланстың өсуші ағзаның когнитивтік функциясына әсері» атты жұмысы «Медицина ғылымдары» секциясының II дәрежелі дипломымен марапатталды.

Бұл жұмыстар ҚММУ  биологиялық химия кафедрасының доценті м.а, б.ғ.к. Е. В. Позднякованың жетекшілігімен орындалды.

Жұмыстардың толық мәтіні Elibrary.ru Ғылыми электрондық кітапханада ашық түрде орналастырылған және ҒЦРИ наукометриялық базада тіркелген. 


0
5131

пікірлер

пікір қалдыру үшін.