Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің патологиялық физиология кафедрасына PhD доктор, профессор Кирилл Терзийскийдің келу тәжірибесі туралы

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің патологиялық физиология кафедрасына PhD доктор, профессор Кирилл Терзийскийдің келу тәжірибесі туралы

25 Қазан 2017

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің патологиялық физиология кафедрасында академиялық ұтқырлық шеңберінде 16.10.2017 – 27.10.2017 ж. аралығында И.П. Павлов атындағы Пловдив медициналық университетінің патологиялық физиология кафедрасынан  PhD доктор, профессор Кирилл Терзийский «жалпы медицина» мамандығының ағылшын тобының 2 және 3 курс, 2-001 – 2-003, 2-017, 2-018, 2-033, 2-034 бірнешетілді топтар студенттеріне,  сонымен қатар магистранттарға, резиденттерге, докторанттарға дәріс оқыды және тәжірибелік сабақ жүргізді.

Профессор Кирилл Терзийскийдің дәрістеріне физиология, морфология, патологиялық физиология, нейрохирургия және неврология, психиатрия және наркология, медициналық психология және коммуникативті дағдылар, №1 және №2 ішкі аурулар кафедраларының профессорлық - оқытушылар құрамы шақырылды. 2013 жылы профессор Кирилл Терзийский PhD доктор ғылыми атағын алу үшін «Бауыр  циррозы кезіндегі созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, ӨСОА кезінде жүректік-өкпелік жүктемелік тесттің көрсеткіштерінің өзгерістерін анықтау» тақырыбында диссертация қорғады. Профессордың ғылыми қызығушылығы әр түрлі патологиялық үрдістері кезіндегі  ұйқы жағдайындағы жоғары жүйке жүйесінің, тыныс алудың, жүрек-тамыр және эндокринді жүйенің қызметінің өзгеру механизмін зерттеуге байланыстырылған. Профессор Кирил Терзийский сомнология бойынша келесі дәрістерді оқыды: 

«Ұйқы медицинасының тарихы. Ұйқы филогениясы және онтогенезі. Ұйқының маңызы. Ұйқының нейроанатомиясы және нейрофизиологиясы. Ұйқы дәнекерлері. Ұйқы кезінде қозғалтқышты және бұлшықетті бақылау»; «Ұйқыға қатысы бар  эндокринология. Ұйқыға қатысы бар респираторлық физиология. Ұйқы және бақылау. Ұйқы және сергектік;  «Полисомнография. Қалыпты ұйқы және негізгі патологияны есептеу. Ұйқының тежелуіне сергектікті ұстауға арналған бірнеше сынақтар. Актриграфия. Ұйқы күнделігі. Сауалнама» және т.б.

  Дәрістер сауатты ағылшын тілінде, тартымды, көп мысалдар қолданып, әдемі иллюстрацияланған слайдтар көмегімен оқылды. Материалды баяндау әлпеті еркін, дикциясы нақты өнделген. Студенттер организмнің маңызды эндокриндік, тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйелердің қызметтерінің бұзылыстарымен байланысты ұйқы кезіндегі патологиялық жағдайлардағы жоғары жүйке қызметінің өзгерістерінің механизмдерін түсіндіруде профессор тереңнен қадам жасағанын белгіледі. Профессор К. Терзийскийдің дәрістері қолданбалы мәнге ие және физиология, патологиялық физиология, психиатрия және наркология, №1 және №2 ішкі аурулар кафедраларының оқытушыларында үлкен қызығушылық туындатты. Материалдың кейбір элементтері самнологияның заманауи концепцияларын түсіндіруде «Жалпы медицина» мамандығының 3-курс студенттерінде және магистранттарда «Ағзалар мен жүйелердің патологиясы» пәнін оқытқанда аудиторлық және аудиториядан тыс сабақтарда қолданады; кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарында зерттеу жұмыстарға студенттерді белсенді жұмылдыру арқылы бірге өткізу мүмкіндігін туындатады.

Патологиялық физиология кафедрасының

меңгерушісі м.ғ.д., профессор                                                                С.Б. Жәутікова 


0
5995

пікірлер

пікір қалдыру үшін.