Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Эразмус+ Қазақстандағы Ұлттық кеңсесінің ҚММУ-не сапары

Эразмус+ Қазақстандағы Ұлттық кеңсесінің ҚММУ-не сапары

23 Қазан 2017

18 қазанда ҚММУ-не Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы үйлестірушісі Тасбулатова Шайзада Умирзаковна, Эразмус+ Қазақстандағы Ұлттық кеңсесінің менеджері Асматуллаева Нелли Смаиловна, сонымен қатар қазақстандық үш жоо-ның: Л. Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, Нархоз Университеті және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің өкілдері келді.

Сапардың мақсаты - Эразмус+ халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламаларының ҚММУ-дегі мониторингі, ҚММУ-нің Эразмус+ Жоғары білімнің потенциалын көтеру жобаларының командаларымен консультациялық кездесу өткізу, сонымен қатар WELCOME жобасының жүзеге асырылу барысымен танысу болып табылады.

Сапар барысында ҚММУ-нің ректоры, профессор Р. С. Досмағамбетовамен кездесу өтті. Ары қарай, кездесу барысында мониторинг қатысушылары жоба аясында өткізілген іс-шаралармен және жоба қорытындыларымен, сонымен қатар университетіміздің шетелдік студенттермен жұмыс жасауға және шетелдік студенттердің бейімделуіне арналған WELCOME орталығымен таныстырылды, Европалық Одақпен қаржыландырылатын Эразмус+ бағдарламасы аясындағы жобаларға қатысушы университетіміздің қызметкерлеріне арналған консультациялық сессия өткізді.

Сонымен қатар, жаңа Welcome орталығында Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің мамандары мен Эразмус+ Қазақстандағы Ұлттық кеңсесінің менеджері Асматуллаева Нелли Смаиловнаның кездесуі өтті. ХЫБ мамандары Эразмус+ кредиттік  ұтқырлық бағдарламасы бойынша қажетті құжаттарды, ICM қатысушыларының есептерін, қабылдаушы университеттер тарапынан қорытындылар мен құжаттамаларды мойындау жүйесі бойынша ақпараттарды ұсынды. Ары қарай, іс-шараға Эразмус+ бағдарламасының қатысушылары: жалпы медицина және стоматология факультеті деканының орынбасары А. С. Байменова, докторанттар Омарова Алуа және Култанова Эльмира, микробиология кафедрасының аға оқытушысы А. Б. Николаева келіп қосылды. Қатысушыларға Эразмус+ бағдарламасы бойынша ҚММУ-де байқау мен іріктеудің өткізілуі бойынша, сапар нәтижелері мен иеленген дағдылары жайында сұрақтар қойылды. 


0
5466

пікірлер

пікір қалдыру үшін.