Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дүниежүзілік салауатты тамақтану күні

Дүниежүзілік салауатты тамақтану күні

20 Қазан 2017

ҚММУ спорт клубы 14 қазан күні «Тамақтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология» кафедрасымен, сонымен қоса «Самұрық» студенттік республикасымен бірге ЖОО «Дүниежүзілік салауатты тамақтану» күніне арналған бірқатар іс-шараларын өткізді.

Мерекенің ашылуы ҚММУ бас ғимаратының алдында болып өтті. Шамамен үш жүз студент «ҚММУ студенттері салауатты тамақтануды таңдайды!» атты мерекелік флешмоб дайындап өткізді. Кездесу алдында «Тамақтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология» кафедрасының меңгерушісі С.Терехин сөз сөйледі.

Флэшмобпен қатар №2 спорт залында (Ерубаева 32) мини-футболдан турнир өткізілді, ал Медициналық колледждің ашық спорт алаңында студенттер үшін жарыстың бас төрешісі Ф. Батиров басшылығымен «Көңілді старттар» эстафетасы өткізілді.


0
5251

пікірлер

пікір қалдыру үшін.