Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Павлодар облысының жұмыс берушілерімен кездесу

Павлодар облысының жұмыс берушілерімен кездесу

20 Қазан 2017

2017 жылдың 13 қазанында Қарағанды мемелекеттік медициналық университетінде 2017-2018 оқу жылында бірінші кездесу «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша 5 және 7-курстар студенттерімен  Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК бас дәрігері Андосов Мұхаметқайыр Тағлымұлымен өтті.

Кездесуде бас дәрігер студенттерді ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК туралы ақпараттармен таныстырды. Бұл медициналық мекеме 150 916 адамнан тұратын жергілікті аумақтарға білікті және мамандандырылған көмек көрсететін көпсалалы стационар. Төсек қоры 284 төсекті құрайды. Стационарда 11 клиникалық, 4 диагностикалық және 4 қосалқы бөлімдер 25 мамандық бойынша аса білікті және мамандандырылған көмек көрсетеді.

Қосымша студенттерді мамандарға деген қажеттілікпен таныстырып өтті. Ауруханаға: хирург, невропатолог, балалар реаниматологі, педиатр, акушер гинеколог сияқты мамандар қажет.Баспана алу үшін пайызсыз кридиттеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, жұмыс беруші резидентурада оқу құнын төлеу мәселесін қарастыруға дайын.

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, бас дәрігерімен байланыс деректерімен алмасты. Кездесудің соңында Андосов Мұхаметқайыр Тағлымұлы студенттерді мекемемен толық танысу үшін ауруханаға шақырды, жұмыс берушінің есебінен жолдың құны төленуін ескертті.

Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру жөніндегі бөлімі 


0
5222

пікірлер

пікір қалдыру үшін.