Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа әліпбидің мүмкіндіктері

Жаңа әліпбидің мүмкіндіктері

19 Қазан 2017

Бүгінде қазақ жазуының латын қарпіне көшу мәселесі қоғамда қызу талқы тақырыбына айналып отыр. Біреулер қолдау білдіріп, біреулер қалыптасқан жазуымызды өзгертудің қажеті қанша деген сауалды көлденең тартуда.  Осы мәселе аясында қазанның 17-жұлдызында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қазақ тілі кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпбидің мүмкіндіктері» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.

Пікірсайысқа  қатысқан студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрам жаңа әліпби жөніндегі өз ой-пікірлерін ортаға салып, латын қарпіне көшудің ұтымдылығы мен қиындықтары жөнінде пікір алмастырды. Сайыс соңы латын қарпіне көшу – заман талабы болғандықтан, жаңа әліпбидің енгізілуін қолдаймыз деген пікірмен қорытындыланды. 



0
5453

пікірлер

пікір қалдыру үшін.