Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
14 қазан – халықаралық хоспис күні

14 қазан – халықаралық хоспис күні

18 Қазан 2017

Халықаралық хоспис күні алдында онкология кафедрасында «Стоматология» және «Жалпы медицина» мамандығы студенттері шақырылуымен Қазақстан Республикасында паллиативті көмек және хоспис қызметіне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Сөз кезегін онкология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. профессор В. Б. Сирота ашты. Валентина Брониславовна қатысушыларға паллиативті көмектің мәні мен мағынасын, Қазақстанда даму сатысын, кез-келген онкологиялық науқастың жүргізілу жоспарына қосылу маңыздылығын айқындап көрсетті. 

Онкологиялық науқастар обырдың өршу сатысында өмірінің соңында паллиативті көмекке мұқтаж болады. Дөңгелек үстелдің негізгі бөлімінде біздің әріптестеріміз - С. Ж. Асфендиярова ат. ҚазҰМУ студенттері ұйымдасқан флешмоб көрсетілді. Видеороликте онкологиялық науқастың аурумен және мультидисциплинарлық топтың мүшелерінің: дәрігер, медбике, қоғамдық қызметкер, дін тәлімгері, психологтың оның айналасына жиналғаны сомдалады. Дөңгелек үстел соңында қатысушыларға негізгі сұрақтармен жасырын сауалнама жүргізілді. Барлық студенттердің 79% инкурабельді онкологиялық науқас басқа ауыр науқастан ерекшеленеді деп санады. Клиникалық жағдайды модельдеу барысында студенттердің 88% диагноз туралы шындықты білгісі келетіндігін және әрі қарай емдеу қажет деп санады.

Қатысушылардың 44% инкурабельдік онкологиялық науқастарды онкодиспансерге және хосписке емдеуге жіберу керек деп шешті, яғни дөңгелек үстел қатысушылары медициналық ұйымға жататындығына қарамастан паллиативті көмек мәнін бәрі түсіне бермейтіндігі анықталды. Сауалнамаға жауап берушілердің 74% ғана науқасқа қатерлі ісік диагнозын естірте алатындығын мойындады. Ауырсыну синдромын басуды 82% жауапберушілер мүмкіндігін, бірақ 68%  жауапберушілер опеоидтардың басқа күштірек ауырсынуды басатын дәрілермен ауыстырылуы мүмкін емес деп санайтындығы анықталды. Онкологиялық науқастарға эвтаназия қатысты сұраққа жауап күтпеген нәтиже берді: жауап беруші студенттердің 56% инкурабельдік онкологиялық науқастардың қиналысын эвтаназия жүзеге асыру шешеді деп санайды. Осы жағдай студенттік ортада паллиативті медицина тиімділігі және әдісі, мақсаты жайлы аз мағлұмат таралғандығын көрсетеді. Тек, дәрігердің негізгі мақсаты өмірдің сапасын жақсартқанда ғана,  обырдың диагностикасы мен емі жақсарып, онкологиялық науқастардың өмір сүруін ұзартады. 


0
5435

пікірлер

пікір қалдыру үшін.