Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ «Студенттер қатарына қабылдау-2017» болып өтті

ҚММУ «Студенттер қатарына қабылдау-2017» болып өтті

17 Қазан 2017

11-12 қазан айында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде Жалпы медицина және стоматология, Қоғамдық денсалуық сақтау, биология және фармация, Халықаралық медицина факультеті және Орта медицина қызметкерлерін дайындау факультеттеріне арналған «Студенттер қатарына қабылдау-2017» салтанатты іс-шарасы болып өтті.

Студенттер қатарына қабылдау - әрбір бірінші курс студенті өмірінде жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсерлерге толы маңызды және қызықты сәт. Бұл біздің университетіміздің ең жарқын дәстүрлерінің бірі.

Студенттер қатарына қабылдау ҚММУ әнұранын орындаудан басталды. Студенттер қатарына қабылдау рәсімі дәстүр бойынша салтанатты түрде студенттердің антын қабылдаудан тұрды. Сахнаға ант қабылдауға бірінші курс студенттері шақырылды.

Барлық көрермендерді Афина, Даналық құдайы қатысуымен көрсетілген театрлық композициясы және қасиетті Білім отын беру рәсімі бейжай қалдырмады.

Дәстүрлі түрде білімнің символдық кілтін және сынақ кітапшасын бірінші курс студенттеріне беру рәсімі өткізілді, біздің университетіміздің проректоры, факультет декандары, профессорлық-оқытушылық құрамы өсиет сөздерін айтты, сондай-ақ «Гаудеамус» студенттік әнұраны орындалды.

Концерт шығармашылық студенттік топтардың қатысуымен аяқталды.


0
5681

пікірлер

пікір қалдыру үшін.