Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «TOM: Kazakhstan» жобасының бірінші кезеңі өткізілді

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «TOM: Kazakhstan» жобасының бірінші кезеңі өткізілді

10 Қазан 2017

«TOM: Kazakhstan» (TOM: Tikkun Olam Makers – «өгертілетін әлемді» білдіреді), дүние жүзін ақырындап жаулап алатын, ғаламдық қозғалыс, бұл жобаның басты мақсаты ерекше қажеттіліктер қажет ететін адамдар үшін тиімді өнертабыстарын құру, дайындалуы жеңіл және бағасы бойынша қолжетімді болып табылады.

2017 жылдың 7 қазанында Қарағанды қаласында, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде өнертапқыштардың 10 командасы жиналды, олар ТОМ жобасының бірінші кезеңіне қатысу үшін іріктелініп алдынды. Осы кезеңде команданың бірінші кездесуі мүмкіндігі шектеулі адамдармен болды, онда мүмкіндігі шектеулі адамдардың күнделікті кездесетін әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер айтылды. Командалар берілген мәселенің бірін шешу идеяларын, өздерінің ойларын таныстырды және болашақ үшін құрылғылардың алғашқы нобайларын жасады. Алғашқы кезеңнен соң келесі ай ішінде командалар идеяларын толықтырады, мейкатон жобасының екінші кезеңіне тұлғаға идеяны жүзеге асыру үшін  қажетті материалдар мен құрылғылар тізімін сарапшылар мен мамандармен ақылдаса отырып ұйымдастырушыларға ұсынады. Мейкатон ТОМ  бұл 2017 жылдың қарашасында өтетін, мүмкіндігі шектеулі адамдарға толыққанды өмірді ұйымдастыруға бағыттау үшін өнертапқыштар ойлап табатын (нид ноуэры - need knowers), бейімделуді жетілдіретін 72-сағаттық марафон.

  Қарағанды қ. жобаның қатысушылары болып студенттер, оқытушылар, дәрігерлер, инженерлер,  робототехниктер, Қазақстанынң барлық аймағынан IT және басқа да мамандар табылды.

  Жоба Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қолдауымен Қарағанды облысы  әкімдігінің әріптестігімен «Қазақстан Республикасы Тель-Авив достарының қауымдастығы» (бұдан әрі Қауымдастық) заңды тұлға Бірлестігімен жүзеге асырылады.

Қарағанды облысы әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының жетекшісінің міндетін атқарушы Галиуллин Максим Ришатович мүмкіндігі шектеулі адамдарды мемлекеттік қолдау меанизмдерінің көптігіне қарамастан осындай жобалардың қажет екендігін атап өтті.

«ТОМ жобасы бірегей, мұнда әртүрлі көзқарастар және мамандардықтағы адамдар кездеседі және барлығының ортақ бір ғана мақсаты – әлемді жақсырақ ету». Мейкатон ТОМ – бұл әлеуметтік кәсіпкерлік үшін идеялар туындатады. Біз адамдарға көмектесуге мүмкіндік береміз. Жобаның жүлдегері және жеңімпазы өздерінің жобасын одан әрі дамыта алады және елімізде оған барлық мүмкіндіктер бар, мысалға, бағдарламаны коммерциялау және жетілдіру» - екендігін «ҚР Тель-Авивский университеті достарының қауымдастығы» ОЮЛ вице-президенті Сания Арипова айтып өтті.

  «TOM: Kazakhstan» мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жақсарту үшін, мемлекет пен бизнес, қоғамның серіктестігінің іргетасына айналды. Сонымен қатар, әлеуметтік мәселелерді шешуде жастарды бейімдеу және адамдардың санасын өзгерту, әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы жолына қадам басылды. Жоба Қазақстанда Бизмесмен және меценат, қауымдастығының президенті - Александр Антонович Машкевичтің қолдауымен жүргізілген.


0
6042

пікірлер

пікір қалдыру үшін.