Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Медициналық білім беруді интернационалдандыру» IV Орта Азиялық халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Жоғары білім беруді интернационалдандыру» сессиясының өтуі

«Медициналық білім беруді интернационалдандыру» IV Орта Азиялық халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Жоғары білім беруді интернационалдандыру» сессиясының өтуі

10 Қазан 2017

2017 жылдың 2 және 3 қазаны аралығында ҚММУ-де медициналық білім беру бойынша «Медициналық білім беруді интернационалдандыру» IV  Орта Азиялық халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының өтуі аясында 2017 жылдың 2 қазан күні «Жоғары білім беруді интернационалдандыру» сессиясы өткізілді.

Аталған сессияның модераторлары болып, Хьюго Бражиони (ҚММУ, стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры), Джордж Каракиулакис (Салоники қ. Аристотель университеті, медицина мектебінің деканы) және Қасымова Сәуле Болатқызы (ҚММУ, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы) қатысты.

Талқылау барысында интернационалдандыру бойынша төмендегідей мәселелер талқыланды:

1.  студенттер мен оқытушылардың сыртқы кіріс және шығыс академиялық ұтқырлық бағдарламасын ұйымдастыру;

2.  университетте жұмыс жасау үшін шетелдік сарапшыларды тарту;

3.  барлық бөлімшелердің интернационалдандыру бойынша келісілген жұмысын үйлестіру, ортақ шетелдік жобалар аясында жұмыс;

4.  жоо-ның халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыру;

5.  жаңа шетелдік серіктестерді іздеу және т. б.

Баяндамамен қатысты:

- Джордж Каракиулакис (Салоники қ. Аристотель университеті, Грекия), «Медицина мектептеріндегі жаңа оқу жоспарлары»;

- Вайва Хэндриксон (Вильнюс Университеті, Литва), «Интернационалдандырудағы мәселелер: Вильнюс университетінің медицина факультетінің бесжылдық тәжірибесі»;

- Йошихиро Носо (Симанэ Университеті, Жапония), «Қазіргі күнгі Семей қ. мемлекеттік медицина университеті мен Симанэ университеті арасындағы халықаралық алмасудың жетістіктері»;

- Е. Г. Бойко (ҚР БҒМ, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы), «Білім беруді интернационалдандыру аспектілері: ҚР жетістіктеріне қысқаша шолу»;

- Д. К. Мелдеханов (Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы, Қазақстан), «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы студенттерінің сыртқы кіріс және шығыс академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру»;

- А. Д. Ахметов (Қазақстан-Ресей медицина университеті, Қазақстан), «Академиялық ұтқырлық бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде»;

- Ж. Б. Ибраева (Семей қ. мемлекеттік медицина университеті, Қазақстан), «Қазақстан Республикасының медициналық ЖОО шетелдік студенттерінің әлеуметтік мәдени және медициналық сүйемелдеуі моделін ғылыми негіздеу».

Мәжілісті қорытындылай келе, барлық қатысушылар бірауыздан интернационалдандыру үдерісі – бұл әлемдік жоғары білім беруді жаhандастырудың нәтижесі болып табылатын, шарасыз үдеріс болып табылатындығын атап өтті. Аталған бағытта нәтижелі жұмыс жасау үшін ортақ ғылыми және білім беру қызметін дамыту қажет, үйлестіру мен тәжірибемен алмасуды жетілдіру қажет. 


0
5750

пікірлер

пікір қалдыру үшін.