Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
№2 ішкі аурулар кафедрасы интерндерінің Ұстаздар күнімен құттықтауы

№2 ішкі аурулар кафедрасы интерндерінің Ұстаздар күнімен құттықтауы

04 Қазан 2017

30  қыркүйек күні №2 ішкі аурулар кафедрасының интерндері кафедраның зейнеткерлерін  Н.Г. Вятчинина, Л.П. Федорова, В.Г.Архипованы, Е.П. Сприндис, С.К. Казырованы Халықаралық қарттар күнімен және Ұстаздар күнімен құттықтады. Біздің кафедраның дәстүрге бай тарихының қалыптасуына кафедра ардагерлерінің еңбегі зор. Бұл мейрам – үлкен құрмет пен ізеттілік білдіру мерекесі. Өздерінің қайсар еңбегі мен күнделікті ізденісте болуы нəтижесінде бүгінгі күннің негізі қаланды. Бүгінгі студенттердің білімді және мәдени бай тұлға болып қалыптасуы осы ардагерлердің еңбегінің нәтижесі деп білеміз.

Бүгінгі ғаламат өзгерістер мен инновациялар дəуірінде дəрігерлердің іскерлік біліктілігін арттыру жəне оқыту бірінші орында тұр. Осыған байланысты  №2  ішкі аурулар кафедрасының ұжымы оқу үрдісін жетілдіріп, заманауи оқу бағдарламаларын енгізе отырып дəрігерлерді дайындауда үлкен жауапкершілік танытуда. ҚММУ жоғары білікті жаңа көзқарастағы мамандарды дайындап, жаңа буынды үлкен кəсібилікке үйретіп жатыр.  Медицина біліміне қосқан үлесі үшін біздің кафедра ардагерлеріне алғысымыз шексіз. Сіздер таңдаған мамандығымызға деген жауапкершілігіміз бен сүйіспеншілігімізді арттырып, Отанымыздың гүлденуі жолында еңбек ету үшін жас буынға жағдай жасадыңыздар.

Ұстаздар күнінде шын жүректен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің барлық профессорлық – оқытушылық ұжымына зор денсаулық, бақыт, кәсіби жетістіктер мен  ғылыми әлеует пен барлық ойлаған жобаларыңыздың жүзеге асуын тілейміз.

Ізгі тілекпен, №2 ішкі аурулар кафедрасының интерндері


0
5152

пікірлер

пікір қалдыру үшін.