Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Оқытушылар, рахмет сіздерге!

Оқытушылар, рахмет сіздерге!

03 Қазан 2017

29 қыркүйекте бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша университетімізде «Ұстаздар күнін» және «Қарттар күнін» мерекелеуге арналған салтанатты концерт болып өтті.

Университет ұжымы атынан тыл ардагерлерін ҚММУ ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетова құттықтады. Өзінің құттықтау сөзінде Раушан Сұлтанқызы университетімізде қос мерекенің бір күнде атап өтілетіндігі тегін еместігін айтты: «Біздің ардагерлер - біздің ұстаздар. Осы адамдар біздің тағдырымызды құрды, кәсіби жолға бағыттап, баға жетпес кеңестерін берді».

Жанды арбайтын домбыра мен қобыздың үні, ҚММУ хор ұжымының және вокалистерінің орындауындағы әндер, «Қаракөз» шығыс билері халық ансамбілінің және «Golden Step» би театры қатысушыларының кербез қимылы мен өнері ешкімді бей-жай қалдырмады.

Концерт қатысушылары қатты қобалжығандарын мойындады, себебі, өздерінің оқытушылары үшін өткізілетін мерекеге дайындық – әрқашан үлкен толқыныс пен жауапты еңбекті талап етеді.

Жұмысына аянбай берілетін оқытушыларының мейірімі мен шыдамдылықтарына студенттер алғыстары мен құттықтауларын жеткізді.

Мерекелік концерттің соңында көрермендер барлық қатысушылардан көтеріңкі көңіл - күй сыйлағандары үшін қошеметтерін аямады.


0
5478

пікірлер

пікір қалдыру үшін.