Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу

Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу

03 Қазан 2017

26 қыркүйекте Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім «Жұлдыз» жастар денсаулық орталығының белсенділерімен бірлесе орталықтың қатысушылары арасында жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының алдын алуға арналған отырыс өткізді. 2017 жылы «Жүректі мықты қылдыр!» ұранымен Дүниежүзілік жүрек күні өткізіледі.

  Жүрек-қан аурулары (ЖҚА) әлемде адам өлімінің басты себептерінің бірі болып табылады. Жүрек ауруының пайда болу факторлары: артериялық қысымның көтерілуі, холестерин деңгейінің және қандағы глюкозаның жоғарылауы, шылым шегу, аз қимылдау және т.б. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының» ұйғарымынша, көрсетілген факторларды бақылауда ұстаса, 80% жағдайда инфаркттан және инсульттен мезгілсіз қайтыс болуды болдырмауға болады.

Өткізілген отырыс біздің студенттерге ЖҚА алдын алу бойынша шара қолданып, дұрыс шешім шығаруға көмектеседі деп үміттенеміз.

  С.Николайчук (4-094 ЖМ).


0
5166

пікірлер

пікір қалдыру үшін.