Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Онкологиялық диспансердегі емделушілер мектебі

Онкологиялық диспансердегі емделушілер мектебі

02 Қазан 2017

2017 жылдың 22 қыркүйегінде  Қарағанды ​​қ.  «Облыстық онкологиялық диспансерінде» кезекті емделушілер мектебі ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл іс-шара науқастарға арналған, себебі, олар мұнда онкологиялық аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша көптеген сұрақтарға жауап алады. Мектепті медициналық қызмет көрсету сапасы жөніндегі директордың орынбасары О.С. Омарова ашты. Күн тәртібінде колоректальды қатерлі ісік ауруы талқыланды. Онкология кафедрасының ассистенті В.А. Жұмалиева колоректальды қатерлі ісіктің этиологиялық ерекшеліктері, қорқыныш дабылы және алдын-алу шаралары жайында баяндады. Алдын алу шаралары ерекше қызығушылық тудырды. Ішекті уақтылы босатуға арналған диета, су ішу режимі және қозғалыс белсенділігі бойынша ұсыныстар берілді. Барлық тұрғындар үшін түсінікті тілде Қазақстанда жұмыс істейтін колоректальді қатерлі ісікке арналған скринингтік тексеру жүргізілді. Ұсынылған тақырып шақырылған пациенттер мен олардың туыстары тарапынан оң пікірге ие болды.


0
5268

пікірлер

пікір қалдыру үшін.