Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ-дің денсаулық сақтау саласындағы, академиялық, ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы Ханой Медицина университетімен (Вьетнам) және Семей мемлекеттік медицина университетімен (Қазақстан) меморандумға қол қоюы

ҚММУ-дің денсаулық сақтау саласындағы, академиялық, ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы Ханой Медицина университетімен (Вьетнам) және Семей мемлекеттік медицина университетімен (Қазақстан) меморандумға қол қоюы

02 Қазан 2017

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті  2017 жылдың 2-3 қазаны аралығында «МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ» медициналық білім беру бойынша  IV Орта Азиялық халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізуде.

Конференцияның мақсаты – медициналық білім беру саласында тәжірибемен алмасу және күштерді біріктіру.

Конференцияға жетекші отандық және Ұлыбритания, Ирландия, Швеция, Ресей, Түркия, Грекия, Литва, Украина, Жапония, Финляндия, Жаңа Зеландия, Вьетнам, Тәжікстан, Кырғызстан, т.б. сияқты шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері қатысуда.

2017 жылдың 2 қазанында Конференция барысында ҚММУ-да Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Ханой Медицина унивекрситеті (Вьетнам) арасында денсаулық сақтау саласындағы, академиялық, ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы Меморандумға, сонымен қатар, ҚММУ мен Семей мемлекеттік медицина университеті (Қазақстан) арасында  денсаулық сақтау саласындағы, академиялық, ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қою рәсіміне Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Ректоры профессор Р. С. Досмағамбетова, Ұйымдастырушылық-экономикалық жұмыстар жөніндегі проректоры М. Қ. Телеуов, Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры В. П. Риклефс, Стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры А. А. Тұрмұхамбетова, Клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректоры Б. Н. Көшерова, сонымен қатар, Ханой Медицина университетінің Ректоры профессор Нгуен Дук Хинх және Семей мемлекеттік медицина университетінің Ректоры профессор Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлы,  сонымен қатар, Семей мемлекеттік медицина университетінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі Проректоры Жүнісова Айгүл Бітімбайқызы да қатысты.


0
6086

пікірлер

пікір қалдыру үшін.