Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бүкіләлемдік жүрек күні

Бүкіләлемдік жүрек күні

29 Қыркүйек 2017

Бүкіләлемдік жүрек күні (World Heart Day) алғаш 1999 жылы Бүкіләлемдік жүрек федерациясының  ықыласымен ұйымдастырылған. Бұл науқанды Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ), ЮНЕСКО және басқа да маңызды ұйымдар қолдады. Алғашында бұл күн қыркүйек айының соңғы жексенбісінде өткізілген, ал 2011 жылдан бастап 29 қыркүйек – арнайы белгіленген күн болып табылады.

Қазіргі таңда жүрек-тамыр аурулары әлемде өлім мен мүгедектіктің алғашқы себебі болып отыр: жылына 17 миллион адамның өмірін алып кетеді. Сондықтан Бүкіләлемдік жүрек күні «Жүрек- өмір сүру үшін» ұранымен өткізіледі.

29 қыркүйек күні жалпы медицина және стоматология факультетінің алтыншы курс студенттері №2 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының доценті Д.К. Пахомованың жетекшілігімен Пришахтинск қаласындағы Ардагерлер үйінде Бүкіләлемдік жүрек күнін өткізді.

Бұл шаралар барысында пациенттерге медициналық тексеру, таныстырылым және сауық кеші өткізілді. Жүрек аурулары дамуының қауіп факторларымен жақын танысу үшін пациенттерге сұрақ-жауап түрінде викториналар және байқаулар ұйымдастырылды. Бұл шаралардың соңында пациенттердің өздігімен жасай алатын профилактикалык, емдік гимнастика кешені бойынша оқыту жүргізілді.

№2 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы


0
5224

пікірлер

пікір қалдыру үшін.