Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біздің өлкеміздің қызықты табиғи объектілеріне сапар.

Біздің өлкеміздің қызықты табиғи объектілеріне сапар.

26 Қыркүйек 2017

2017 жылдың 8– 10 қыркүйегіаралығында ҚММУ-нің басшылығының қолдауымен Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының оқытушылары және «Жалпы медицина» мен «МПІ» мамандығының 2-ші – 6-шы курс студенттерімен сапар жүзеге асты. Қарқаралының «Медик» демалыс үйінде тұрып, біз Қарқаралының тау-орман алқабының қызықты табиғи объектілеріне сапар шектік. 

Яғни, біз «Екі тостағанға» жол жүрдік, «Бес көл» аталатын тау шыңына шықтық, табиғаттың кереметі - «Тесік тасқа» бардық және де «Қызыл тас» үңгірінде болдық. Және де біз ҚММУ-нің асханасының директоры Г.М.Алексанова арнайы пайдалануға берген үлкен қазанда өз күшімізбен палау даярладық. Сонымен қатар тарих үйірмесінің көшпелі отырысы жүргізілді, онда Л.Блицкая мен В.Роньшина Қазан төңкерісіне 100 жылдығына орай қызықты баяндамамен сөз сөйледі. Біздің тарих үйірмесінің отырыстарына қатысқан шетелдік бөлім студенттері нағыз үнді асханасының кешін ұйымдастырды.

Муджахид Мухаммад, Хан Мухаммад Асиф және Али Хайдар ұлттық асхана ерекшеліктерін ескере отырып дәмді етпен және хош иісті үнді шәйімен бізді қуантты. Сондай-ақ сапардың 14 қатысушылары атынан салауатты өмір салты мен белсенді демалысты жақсы көретін, кафедраның тарих үйірмесінің мүшелері – оқытушылары мен студенттері – атынан «Медик» демалыс үйіне жылы қабылдағаны үшін  Марина Зайгерт және В.М. Кинькоға ризашылығымызды білдіреміз. Біз алдымыздағы оқу жылына күш жинадық және жақсы демалдық.

А.Б. Долгополов – кафедраның тарих үйірмесінің жетекшісі:

А. Т. Бакирова – кафедраның аға оқытушысы:

О.А. Ковтун – кафедраның аға оқытушысы:


0
5649

пікірлер

пікір қалдыру үшін.