Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ-не KazMSAстуденттік ұйымы арқылы Түркия, Румыния, Италия және Ресейден студенттердің келуі

ҚММУ-не KazMSAстуденттік ұйымы арқылы Түркия, Румыния, Италия және Ресейден студенттердің келуі

25 Қыркүйек 2017

Ағымдағы жылдың шілде және қыркүйек айлары аралығында KazMSA студенттік ұйымы арқылы ҚММУ-не тәжірибеден өтуге Самара мемлекеттік медицина университетінен (РФ) Никита Рылякин мен Валерия Максымичев, сонымен қатар Гази университетінің (Түркия) 2-курс студенті Фатма Ирем Гюрбузер келген болатын. Никита Рылякин мен Валерия Максымичев Қарағанды қ. Облыстық медицина орталығында, ал Фатма Ирем Гюрбузер ҚММУ физиология кафедрасында тәжірибеден өтті.   

Сонымен қатар, физиология кафедрасында 3 студент ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өтті: Сафак Сахин (Намик Кемаль атындағы Университет, Түркия), Гозза Франческо Мариа (Катания Университеті, Италия), Мариначио Микела (Болонья қ. Университеті, Италия) және Башкент университетінің студенті Демиртола Ахмет Эрем (Түркия) микробиология кафедрасында ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өтті.

  1 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Облыстық медицина орталығында (ОМО) 3 студент: Попута Салиа (Виктор Бабеш атындағы Медицина және фармация университеті, Румыния), Одул Тани («Тракия» университеті, Түркия), Хиллари Анастасия Виолини (Катания университеті, Италия) кәсіби тәжірибеден өтті.

  Студенттерге ҚММУ-де болған кезінде университет Ректоры Р. С. Досмағамбетовамен кездесу, университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды, соның ішінде студенттер кітапханамен, ҒЗО ұжымдық пайдалану зертханасымен және мұражаймен танысты.

  Бұдан бөлек, студенттер Практикалық дағдылар орталығында оқудан өтті.

  Демалыс күндері студенттерге мәдени іс-шаралар ұсынылды, атап айтсақ, Қарағанды қаласы бойынша экскурсия, Астана қаласына сапар ұйымдастырылып, студенттер ЭКСПО көрмесімен танысты, сонымен қатар, Бурабай және Зеренді курорттық аймақтарына барып қайтты және ұлттық асханамыздан дәм татты. 


0
6095

пікірлер

пікір қалдыру үшін.