Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Техникалық шығармашылық үйірмесіне» шақырамыз

«Техникалық шығармашылық үйірмесіне» шақырамыз

22 Қыркүйек 2017

 ХХІ ғасыр жаңа технологиялар ғасыры деп бекер аталмайды. Бүгінгі күні жаңадан келген мамандар үшін заманауи технологияларды шебер қолдану деңгейі еңбек нарығындағы сұранысқа ие болудың қажетті шарты болып табылады. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс біздің өміріміздің барлық салаларына, оның ішінде денсаулық сақтау аясына барынша жоғары технологияларды енгізуде, ал адам болса, бүгінде компьютерсіз, ұялы телефонсыз, интернетсіз өмірін елестете алмауы сөзсіз.

 Студенттердің көптеген өтініштерін ескере отырып, ҚММУ «Самұрық» Студенттік Республикасы «Техникалық шығармашылық үйірмесін» ашуға ынта білдіруде. Жаңа үйірмеде университеттің студенттері білікті маманның жетекшілігімен әртүрлі компьютерлік техниканы, сондай-ақ, дыбыстық жабдықтарды дұрыс пайдалану және жөндеу дағдыларын игере алады.

 Жаңа үйірменің жетекшісі лауазымы ЖЖБ-нің дыбыс инженері Д.Ю. Лукьяновқа ұсынылды. «Шынайы техник» ретінде Дмитрий Юрьевич студенттерге де, университетке де «Техникалық шығармашылық үйірмесінің» ашылуының оң келешегін бағалап, жаңа шығармашылық бірлікті басқаруға келісті.

 Осылайша, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде шығармашылық ұжымдар отбасы тағы бір маңызды бағытпен толықты.

ҚММУ «Самұрық» Студенттік Республикасының

Ақпарат және байланыс министрлігі


0
5095

пікірлер

пікір қалдыру үшін.