Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Денсаулық фестивалі.

Денсаулық фестивалі.

15 Қыркүйек 2017

ҚММУ Спорт клубыдене тәрбиесі курсымен медициналық реабилитология кафедрасыЖОО республикалық «Спорт фестиваліне» арналған спорттық іс-шараныөткізді.

  «Денсаулық фестивалі» сейсенбіде өтті. Дене тәрбиесі курсымен медициналық реабилитология кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен жүзден аса  студенттер жаппай таза ауада  «Спорт мерекесі» науқанын өткізді. Науқанның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру белсенділігін арттыру.

  Сейсенбі күні «Самұрық» СР белсенділері бас ғимараттың ішкі ауласында «ҚММУ студенттері салауатты өмір салтын қолдайды!» атауымен флеш-моб өткізді. Көңілді музыканың ырғағымен қатысушылар барлығын жаман әдеттерден арылу және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

  Бейсенбіде, бас ғимараттың алдындағы алаңда көп адам жиналды. Бес жүзден астам «Денсаулық фестивалінің» қатысушылары спорт формасында сап түзеп университеттің алаңын толтырды. ҚММУ спорт клубының басшысы Ф.А.Батиров барлық қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады, салауатты өмір салтын дағдыға айналдыруды тіледі. Жиырма минут аралығында, жарты мыңдай жасөспірімдер мен қыздар, дене тәрбиесі курсымен медициналық реабилитология кафедрасының  аға оқытушысы Р.Б.Тимершиннің көмегімен дене шынықтыру жаттығуларын жасады. Жалпы іс-шара  дискокешпен аяқталды.

  Жұмада  «Денсаулық фестивалі» жалпы университет ішілік «Дене шынықтыру үзлісімен» аяқталды. Үлкен үзіліс кезінде ҚММУ оқытушылары мен студенттері дене тәрбиесі курсымен медициналық реабилитология кафедрасының университет қызметкерлеріне арнап ұйымдастырылған  жаттығулар жиынтығын орындады.

  «Денсаулық фестивалі» сенбі күні аяқталды.  ҚММУ Спорт клубы Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімімен бірінші курс студенттеріне арналған зияткерлік-спортты ойын «Жолашарды» өткізді, онда 26 студенттік команда қатысты.

   ҚММУспортклубы.


0
5511

пікірлер

пікір қалдыру үшін.