Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Вирхов» патологиясының 3D конструкторы - оқытудың заманауи тәсілдері

«Вирхов» патологиясының 3D конструкторы - оқытудың заманауи тәсілдері

13 Қыркүйек 2017

Қазіргі таңда патологиялық анатомия кафедрасында патологиялық анатомияны тиімді оқу үшін Қазақстандық «SOMNIUM» компаниясы құрастырған заманауи теңдессіз компьютерлік бағдарлама – «Вирхов» патологиясының конструкторы табысты пайдаланылуда. Оның негізінде аурулар  мен синдромдарды интерактивті моделдеу жатыр. Бұл жаңа буынның  3D симуляторы, жеке интерактивті оқытуға, сонымен қатар патологиялық анатомияның жеке және жалпы курстарын оқытушының жетекшілігімен игеруге арналған. Конструктор әр түрлі аурулар мен синдромдарға  тән патоморфологиялық өзгерістерді мүшелердің 3D-модельдерінде модельдеуге көмектеседі. Функционалдық жағынан аталмыш конструктор 134 ауру мен синдромды енгізген 11 модульден, 19 мүшеден (153 микропрепарат пен 179 макропрепарат) тұрады, бұлардың патологиясын өз бетімен модельдеуге болады. Берілген бағдарлама - конструктор үш өлшемді кеңістікте морфологиялық көріністерді моделдеуге, түрлі аурулардың, синдромдардың асқынулары мен нәтижелерін анықтауға, патологиялық микропрепараттар мен макропрепараттарды зерттеуге мүмкіндік береді

Адам мүшелерінің патологиялық өзгерістерінің шынайы көрсетілуі мен оңай, қолайлы интерфейс 3D конструктордың  сөзсіз тиімді жақтары болып табылады. Ауруларды/синдромдарды модельдеубірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен модульден ауру/синдром таңдалады. Нысанадағы мүшенің 3D моделі жүктеледі, оны айналдыруға,  кесілген түрінде және бет жағынан зерттеуге болады. мен беткейін айналдыруға және зерттеуге болады. Патоморфологиялық параметрлердің көмегімен макро-дәрежеде нысана-мүшенің түрін өзгертуге болады. Микродәрежесінде негізгі және арнайы бояулар қосылған гистологиялық препараттардың берілген фотосуреттерінің дұрыс нұсқасын таңдау керек. Ауру/синдромды модельдегеннен кейін білім алушының жауаптарының талдау қорытындысының кестесі шығады. «Вирхов» оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға, патологиялық анатомия бойынша алынған білімді қадағалауға, олардың дәрежесін жоғарылатуға, мүшелердің патологиялық өзгерістерін анықтауда тұрақты дағдыны қалыптастыруға және студенттердің тәжірибелік және өздік сабақтарының тиімділігін арттыруға көмектеседі.

С.А.Мусабекова

Патологиялықанатомия

кафедрасының доценті,м.ғ.к.


0
5897

пікірлер

пікір қалдыру үшін.