Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ-дегі «Білім күні»

ҚММУ-дегі «Білім күні»

08 Қыркүйек 2017

2017 жылдың 2 қыркүйегі күні жалпы медицина және стоматология факультетінің деканаты ҚММУ Акт залында «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтарының 1 курс студенттеріне арнап «Білім күнін» өткізді. Стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Анар Акылбековна  Турмухамбетова және әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Вилен Борисович Молотов-Лучанский өздерінің ізгі ниет тілектерін білдірді.

Профессорлық-оқытушылық құрам атынан акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі Копобаева Ирина Леонидовна, бала жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі,  доцент Тулеутаева Светлана Толеуовна, сонымен қатар №2 балалар аурулары кафедрасының профессоры  Дюсенова Сандугаш Болатовна өз тілектерін білдірді. Студенттер атынан «Самұрық» студенттер республикасының президенті Саматов Темирлан сөз сөйлесе, түлектер атынан 2017 жылғы ҚММУ ең үздік интерн терапевт түлегі, 1 оқу жылындағы магистрант Калимбетова Акерке өз тілегін жеткізді.

1-курс студенті Джангашкарова Аймира жауап сөзін жолдады.

Іс-шара соңында жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы Ташкенбаева Венера Базарбековна қорытынды сөз сөйледі. 

Ізгі дәстүрмен іс-шара соңында университетіміздің әнұранын бұл жолы «Мен жастарға сенемін» атты IV республикалық патриотты студенттер байқауының жеңімпазы, 6-курс интерні Тулеев Айдар орындады.

Ресми бөлімнен кейін, жалпы медицина және стоматология деканаты «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтарының 1-курс студенттерімен оқу барысын түсіндіру сұхбатын жүргізді.

Жалпы медицина және стоматология деканаты


0
6218

пікірлер

пікір қалдыру үшін.