Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің практикалық машықтар орталығы таңдаулы болып танылды!

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің практикалық машықтар орталығы таңдаулы болып танылды!

05 Қыркүйек 2017

Медициналық білім саласындағы үздік көшбасшылардан тұратын  Европадағы медициналық білім ассоциациясы (ЕМБА) жанындағы ASPIRE халықаралық кеңесі Қарағанды мемлекеттік университетінің Практикалық машықтар орталығының жұмысын «ExcellenceinSimulation» («Симуляциялық технологиялар саласындағы артықшылық») санаты бойынша таңдаулылардың бірі деп таныды. Награда 2017 жылы 28 тамызда Хельсинки қаласында өткен ЕМБА конференциясында ресми түрде тапсырылды.

   ҚММУ бүгінгі күнде ТМД елдері арасында ASPIRE осындай жоғары наградасына ие болған дара медициналық жоғары оқу орны болып табылады.  Барлығы әлемдегі 38 медициналық оқу орындары осындай жоғары наградаға ие болды, соның ішінде бар болғаны 5 – симуляциялық технология саласы бойынша.

Бұл жоғары баға – біздің университеттің  барлық ұжымының көп жылғы жұмысын әлемдік беделді ұйымның тануы. Награданы тапсыру кезінде ҚММУ жан-жақты және бірегей симуляциялық оқыту бағдарламасын әзірлегені, енгізгені және таратқаны, бұл бағдарламаға небәрі 10 жыл ғана болғаны атап көрсетілді. Бағдарлама университет тарапынан қаржылық және ұйымдастыру жағынан жақсы қолдау табады. Басқару жүйесі тыңғылықты әзірленген және тұрақты дамуға бағытталған.

Технологияны пайдаланудың, оқушыларды бағалаудың және сапаны қамтамасыз етудің әзірленген үлгісі осы 10 жылдың ішінде университетте симуляциялық оқытуды кеңейтумен қатар, өз тәжірибесін Қазақстан мен көршілес елдердің медициналық жоғары оқу орындарымен бөлісуге мүмкіндік беріп отыр. Университеттің симуляциялық технологиялар саласындағы академиялық жұмысы Қазақстанда және халықаралық деңгейде табысты түрде таратылуда.

Награда 6 номинация бойынша беріледі: студенттерді бағалау, оларды оқу бағдарламасына тарту, медициналық жоғары оқу орнының әлеуметтік жауапкершілігі, профессор-оқытушылар құрамы, симуляциялық технологиялар мен білім беру бағдарламасы.

ASPIRE наградасы туралы толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы алуға болады: https://www.aspire-to-excellence.org


0
6645

пікірлер

пікір қалдыру үшін.