Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жалпы медицина» мамандығының бакалавриат түлектеріне диплом табысталды

«Жалпы медицина» мамандығының бакалавриат түлектеріне диплом табысталды

20 Тамыз 2017

Шілденің 27 және 28 күндері ҚММУ акт залында «Жалпы медицина» мамандығының бакалавриат түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды.

Салтанатты рәсімге оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, м.ғ.д., профессор Вилен Борисович Молотов – Лучанский, жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы, м.ғ.к., доцент Қуатбек Қуанышбекович Төлеубеков, жалпы медицина және стоматология факультеті деканының оқу – тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары Марал Куандыковна Елубаева, жалпы медицина және стоматология факультеті деканының орынбасары Махаббат Тулегеновна Культенова, профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері, сонымен қатар ата-аналар мен «Жалпы медицина» мамандығының түлектері қатысты.

Бакалавриатты бітіру туралы дипломды барлығы 961 студент алды.

Үздік дипломға Быкова Татьяна, Жиганшина Ильмира және Жұмаділова Жібек ие болды.

Салтанатты рәсімде бес жыл бойы жоғары білім көрсетіп, қоғамдық және спорттық шараларға белсенді қатысқан, республикалық және халықаралық деңгейде ғылыми жетістіктері бар студенттер деканның алғыс хатымен марапатталды.

Облыстық кардио-хирургия оралығының экс-басшысы Магзумов Газиз Кабылтаевич, дерматовенерология және жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі Ким Антонина Аркадьевна, молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының доценті Есильбаева Баян Турдалиевна,  биологиялық химия кафдрасының доценті Ольга Анатольевна Понамарева құттықтау сөздерін арнады.

Рәсім соңында түлектер ҚММУ әнұранын орындады.

Ақ жол, «Жалпы медицина» мамандығының бакалавриат түлектері!

Жалпы медицина және стоматология факультетінің деканаты

0
6310

пікірлер

пікір қалдыру үшін.