Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Custodians» командасының жазғы мектебі

«Custodians» командасының жазғы мектебі

02 Тамыз 2017

20-29 шілде аралығында Жыланды ауылында жас кәсіпкерлерге арнайы AlmaU ұйымдастырған BastauCamp жазғы мектебі болып өтті! Жобаға еліміздің 12 аймағынан: Астана, Павлодар, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Рудный, Қостанай, Ақтау, Талдықорған, Орал, Алматы және Алматы облысынан келген 18-29 жас аралығындағы 105 адам қатысты.

Қазақстанның жастар кәсіпкерлігінің көшбасшыларын дайындау мақсатында Almaty Management University және «Zhersu» ИӨК ұйымдастырған BastauCamp жазғы мектебі – жас кәсіпкерлер үшін бірегей алаң. 

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен «Custodians»командасы қатысып, ондағы 5-курс студенттері Ташметов Эльярбек, Литвинов Вячеслав және  3-курс студенті Рустамбек Ибрахим «Custodian M-2» жұмсақ экзоқаңқа жобасын ұсынды. 10 күн  бойы «Custodians» командасы білім алды және өз өнімін тұрақты бизнес-жобаға «енгізе» алды, маркетинг негіздерін және өз бизнестерін басқаруды түсінді.

«Custodians»командасы екінші орын жүлдегері атанып, 750 мың тенге көлемінде грантқа ие болды. Олар таныстырылымнан тәжірибе алып, пікірлес студенттермен және әлеуетті инвесторлармен танысты. Жігіттер құнды байланыстар  орнатып, сату нарығын кеңейту бойынша келісімге қол жеткізді.


0
5915

пікірлер

пікір қалдыру үшін.