Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Магистратура түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсырылды

Магистратура түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсырылды

24 Шілде 2017

2017 жылдың 21 шілдесінде  ҚММУ Акт залында ғылыми,  педагогикалық және  бейінді бағыттардың "Медицина", "Мейірбикелік ісі", "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Фармация", "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы", "Медициналық-профилактикалық іс" және "Биология" мамандықтары бойынша магистратура түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректоры Б.Н. Көшерова құттықтау сөзін сөйледі. Сөз соңында Бақыт Нұғалиқызы түлектерге дипломдарды тапсырды.

Марапаттау рәсімі түлектердің орындауындағы шығармашылық нөмірлермен сүйемелденді, ғылыми жетекшілер және түлектер атынан алғыс сөздері айтылды. Салтанатты шараның соңында түлектер «Gaudeamus» әнұранын орындады.


0
6229

пікірлер

пікір қалдыру үшін.