Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Магистранттардың қорытынды аттестатталуы

Магистранттардың қорытынды аттестатталуы

19 Шілде 2017

2016-2017 оқу жылында магистратураның ғылыми,  педагогикалық және  бейінді бағыттарының "Медицина", "Мейірбикелік іс", "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Фармация", "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы", "Медициналық-профилактикалық іс" және "Биология" мамандықтары бойынша 43 магистерлік диссертация қорғалды.

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша МЖМБС және білім алушылардың қорытынды аттестаттауын жүргізудің үлгілік ережесіне сәйкес базалық және бейіндік пәндердің міндетті компонент пәндерінің  мазмұнын көрсететін тестілік сұрақтар дайындалды.

Магистрлік диссертацияны қорғауға магистранттар  түптелген диссертациялық жұмыс, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қысқаша түйінін дайындады, ғылыми жетекшінің оң пікірін алды, диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдарын  және ғылыми конференцияда жасаған баяндамаларын, плагиатқа тексеру туралы анықтамасын, сонымен қатар магистранттар диссертациялық жұмысқа пікір  және шығарушы кафедра мен ғылыми – сараптамалық комиссияның диссертациялық жұмысты қорғауға ұсыну туралы оң шешімін ұсынды.

Барлық диссертациялық жұмыстар мемлекеттік аттестаттау комиссиясымен жоғары бағаланып, отырған мамандардың  «өте жақсы» және «жақсы» деген бағалары қойылды. Ғылыми жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қорғалды.

МАҚ төрағалары қорытынды сөздерінде барлық магистрлік жұмыстардың жоғары деңгейде  дайындалғандығын айтты, магистрлік курсқа жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыстарын білдірді, келешекте   мол табыс және мансапқа жетуді тіледі.

ҮКДФ деканаты төрағалардың сөздеріне қосыла отырып, магистрлерге кәсіби табыс, ал кафедраларға -  биіктерді  бағындыруды  және жоғары білікті мамандарды шығара  беруіне  тілек білдіреді!

ҮКДФ деканаты

0
5785

пікірлер

пікір қалдыру үшін.