Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген шетелдік студенттерге арналған іс-шара

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген шетелдік студенттерге арналған іс-шара

11 Шілде 2017

2017 жылдың 26 маусымында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде халықаралық ынтымақтастық және Болон процесі бөлімінің ұйымдастыруымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген шетелдік студенттерге арналған іс-шара өтті. Студенттердің жалпы саны 25 адам болды. Іс-шараның қонақтары Витебск мемлекеттік халықтар достығы орденінің медициналық университетінің, Оренбург мемлекеттік медициналық университетінің, Рязань мемлекеттік медициналық университетінің, Кострома мемлекеттік университетінің студенттері болды.

Іс-шара барысында студенттер өз университеттері мен елдері туралы таныстырылымдар мен бейне материалдар көрсетті. Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің атынан «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 5 курс студенті Қуаныш Жұлдыз бен «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенті Саматов Темірлан қатысты. Университет тарапынан дастархан жайылып, түрлі медицина тақырыбында ойындар ойналды. Студенттер өзара танысып, достасып, түрлі медициналық тақырыптарда әңгімелесуге мүмкіндіктері болды.

Іс-шара жемісті, көңілді және достық жағдайда өтті. 


0
5754

пікірлер

пікір қалдыру үшін.