Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Интернатура түлектеріне арналған салтанатты түрде диплом тапсырысы өтті

Интернатура түлектеріне арналған салтанатты түрде диплом тапсырысы өтті

11 Шілде 2017

2017 жылдың 4 шілдесінде  ҚММУ Акт залында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша интернатура түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды.

Құттықтау сөзімен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры профессор Р.С. Досмагамбетова сөйледі. Сөз сөйлеуінің соңында Раушан Султановна оқу озаттарына және қоғамдық жұмыспен белсенді айналысқан түлектерге дипломдарды тапсырды.

Сондай-ақ жас дәрігерлерді клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректоры Б.Н. Көшерова, оқу-әдістемелік жөніндегі проректоры В.Б. Молотов-Лучанский, интернатура факультеті деканы В.Б. Ташкенбаева, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша МАК төрайымы, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыру жұмысы және ана мен баланы қорғау бойынша басқару басшысының орынбасары Г.К. Мамалинова,кафедралар меңгерушілері М.М. Тусупбекова М.М., К.А. Алиханова, И.Л. Копобаева, Б.Т. Тукбекова, Е.М. Ларюшина Е.М, Л.Г. Тургунова, Г.Ж. Мершенова, Е.М. Тургунов құттықтап, өздерінің ізгі тілектерін білдірді.

Марапаттау рәсімі түлектердің орындауындағы шығармашылық нөмірлермен суйемелделді, ата-аналар және түлектер атынан алғыс сөздері айтылды.Салтанатты шараның аяқтауында түлектер ҚММУ ән  ұранын орындады, ән ұранды авторлары, Қарағанды мемлекеттік медицина институтінің түлектері, Хорошаш Аскар және Огай Сергей «Alma mater-дің» 65 жылдық мерей-тойына сыйға тартқан болатын.


0
6337

пікірлер

пікір қалдыру үшін.