Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шет тілдер кафедрасында«SpeakingEnglish» жазғы тілдік мектеп жұмысының аяқталуы туралы

Шет тілдер кафедрасында«SpeakingEnglish» жазғы тілдік мектеп жұмысының аяқталуы туралы

30 Маусым 2017

Үштілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде 12.06.17-26.06.17 аралығында ҚММУ шет тілдер кафедрасында«Speaking English» («Ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу») жазғы тақырыптық тілдік мектеп  ұйымдастырылды және өткізілді. Казіргі уақытта саясат тұрғысынан үштілде білім беру және ағылшын тілін меңгеру тек білім беру жүйесінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де қажет болып отыр. Осыған орай, жазғы мектептің бағдарламасы қарым-қатынастық дағдыларды одан әрі қалыптастыруға, сөздік қорды кеңейтуге, басқа тілде сөйлеуді тыңдап қабылдау, спонтанды сөйлеу дағдыларын  дамытуға бағытталды. Сабақ барысында оқытудың қарым-қатынастық әдістері, тілді оқытудың белсенді формалары, компьютерлік оқыту бағдарламалары қолданылды. Сөздік қорды кеңейту мақсатында, заманауи талаптарға сай, әрбір сабақта талқылау үшін  тыңдаушыларға ВВС, EUROMAX, Deutsche Welle және т.б. сайттарынан бейне және аудио ресурстар ұсынылды.


0
5691

пікірлер

пікір қалдыру үшін.