Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Дәрігер тәжірибесіндегі шұғыл жағдайлар. Өзекті мәселелер»

«Дәрігер тәжірибесіндегі шұғыл жағдайлар. Өзекті мәселелер»

28 Маусым 2017

19.06.2017 ж.мен 23.06.2017 ж. аралығында Қарағанды облысы Шет ауданының ОАА-сында №1 жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі А.Р. Алпысовамен жедел жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлеріне, дәрігер-терапевттерге, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер мен мейірбикелерге арналған 54 сағат көлеміндегі «Дәрігер тәжірибесіндегі шұғыл жағдайлар. Өзекті мәселелер» тақырыбында мастер-класс өткізілді.

Өткізілген мастер-класстың мақсаты ауруханаға дейінгі этапта жиі кездесетін шұғыл жағдайлар кезінде кідіріссіз көмек көрсету мен диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін оқыту болып табылды.

Оқытудың аяқталу барысында тыңдаушылар жиі кездесетін шұғыл жағдайларды диагностикалаудың инновациялық әдістері, ауруханаға дейінгі этапта жедел көмек көрсету шараларының негізгі аспектілері және жүрек-өкпе реанимациясын өткізудің тәжірибелік дағдылары туралы түсінік алды.


0
6013

пікірлер

пікір қалдыру үшін.