Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жалпы медицина және стоматология факультеті«Стоматология» мамандығының 5-курс студенттеріне дипломдарды салтанатты түрде табыстау

Жалпы медицина және стоматология факультеті«Стоматология» мамандығының 5-курс студенттеріне дипломдарды салтанатты түрде табыстау

28 Маусым 2017

23.06.2017 ж. ҚММУ мәжіліс залында «Стоматология» мамандығының студенттері түлектеріне арналған салтанатты шара болды.

Дипломдарды салтанатты түрде табыстаустудент-түлектерді құттықтаумен және Қазақстан Республикасының әнұранының ойнауымен ашылды.

Сахнаға құттықтау сөз сөйлеуге ҚММУоқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор  Молотов-Лучанский Вилен Борисович шақырылды, ол түлектерді қорытынды аттестаттаудың аяқталуымен құттықтай отырып, сәтті кәсіптік ақ жол тіледі. Проректор құттықтау сөзінен кейін студент-түлектерге дипломдарын табыстады, олар барлық оқу мерзімде жақсы білімін және тәжірибелік дағдыларын жоғары деңгейде меңгергенін көрсеткен.

Әрі қарай, жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы  Төлеубеков Қуатбек Қуанышбекович түлектерге дипломдарын табыстап, жас және амбициозды түлектерге арнап сөз сөйледі.

Декан орынбасары Культенова Махаббат Тулегеновна мен профессорлық-оқытушылық құрамынан да түлектерге арнап көп жылы тілектер айтылды. Олар шын жүректен осы қол жеткізгенге тоқталмай, сеніммен білім және кәсіптік жетістіктерге жету  жолымен жүруді тіледі.  

Дипломдарды  салтанатты түрде табыстау  Тулеев Айдардың ҚММУ әнұранын орындаумен аяқталды және дәстүр бойынша түлектер  конфедераткаларын  жоғары лақтырды.

Осы жылы «Стоматология» мамандығы бойынша оқыған 69 студентке «Стоматология бакалавры» біліктілігі тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом берілді.

Жалпы медицина және стоматология деканаты


0
6555

пікірлер

пікір қалдыру үшін.