Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Әйел құқығы мәселесі жайлы достық кездесу

Әйел құқығы мәселесі жайлы достық кездесу

28 Маусым 2017

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қабырғасында «Ақжүніс» қыздар клубының ұжымы Қарағанды облысы бойынша тағдырдың ауыртпашылығына ұшыраған аналар мен олардың балаларына көмек көрсететін "Ана үйі" ҚҚ мен Қарағанды облысы сот орындаушылардың аймақтық палатасының маманымен кездесу өткізді.

Аталмыш кездесу барысында «Ана Үйі» қоғамдық қорының координаторы – Амирова Айнагуль Жаксыбаевна, психологы – Таганова Татьяна Владимировна, Қарағанды облысы сот орындаушылардың аймақтық палатасының маманы Жунусова Жанара Бейсембаевна қазіргі кездегі әлемдік деңгей бойынша әйел құқығы мен оның заңды маңыздылығын талқыға салып, халықаралық аренада бұл мәселені шешу жолдары анықталды.

Сонымен бірге кездесуге Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінен академиялық ұтқырлық аясында оқуға келген студент қыздар – Кадирова Гульноза Абдумуминова, Рахматова Мавзунахон Баховатдиновна, Самадова Шахноза Касымовна және Хочиева Робия Хуршедовна да келіп, өз еліндегі гендерлік саясаттың қалай жүзеге асып жатқаны туралы және әйел құқығы мен қоғамдағы орны жайлы айтып, өз ойларын білдіртті.

Қорытындылай келгенде, аталмыш кездесу барысында Қарағанды облысы сот орындаушылардың аймақтық палатасының мамандары «Ана Үйі» қоғамдық қорына заң жүзінде өз кеңестерін беретінін және тығыз қарым-қатынаста болуды ұсынды.

Жакенова Альбина

«Ақжүніс» қыздар клубының мүшесі;

Нуртазина Асемгуль

«KSMU-Life» жас журналисттер клубының мүшесі.


0
6471

пікірлер

пікір қалдыру үшін.