Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақ тіліндегі анатомия

Қазақ тіліндегі анатомия

16 Маусым 2017

Енді анатомияны оқу оңайға түседі! Осы жылы анатомия пәнін мемлекеттік тілде оқуға мүмкіндік беретін «Anatomy in kazakh» атты жоба жарыққа шықты. Жобаның авторы – Жалпы медицина және стоматология факультетінің 2 - курс студенті - Куралбаева Перизат.

Білетініміздей, анатомия – медицина саласында білікті және жетік маман боламын деген әрбір студенттің меңгеруге тиісті маңызды ғылымы. Куралбаева Перизаттың жасаған жобасы ғылымның ежелерін біліп тануға қажет теоретикалық біліммен қоса, практикалық білімді біріктіреді. Перизаттың жұмысы Черногорияда өткен IFMSA Бас ассамблеясында көзге ілінсе, Ақтөбе қаласында өткен KazMSA Ұлттық ассамблеясында 2 - орынға лайық болды. Бейнематериалдарды Youtube желісіндегі «Anatomy in kazakh» атты каналда табуға болады.

Жобаның мәні – анатомия кафедрасының тәжірибелі мұғалімдерімен – Карибжанова Роза Токетаевна, Шапатова Гүлмира Бөкейхановнамен - түрлі ақпараттық бейнематериалдар түсіру.

Жобаның мақсаты – анатомия пәнін мемлекеттік тілде оқуды медициналық жоғары оқу орнындағы студенттерге жеңілдету, пән тақырыптарын анатомиялық препараттарда жете әрі қолайлы түсіндіру. Жобаның өзектілігі: медицина саласында құнды және сенімді ақпараттың жетіспеушілігі, анатомиядан қазақ тілінде сырттай үйретуші дәрістердің қолжетімсіздігі.

KazMSA LC KSMU баспасөз хатшысы

Кайнар Секине


0
5999

пікірлер

пікір қалдыру үшін.