Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Балаларды қуантудың ең тиімді тәсілі – оларды бақытты ету.

Балаларды қуантудың ең тиімді тәсілі – оларды бақытты ету.

07 Маусым 2017

Балаларды қуантудың ең тиімді тәсілі – оларды бақытты ету.

О.Уайльд

  Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің «Конферансье» үйірмесінің студенттері Скендирова Азиманың басшылығымен 2017 жылдың 2 маусым күні «Таңшолпан» балалар үйінде болды. Кездесудің мақсаты – бүлдіршіндерді Балалар күнімен құттықтап, оларға көңіл бөліп, қуанту.

Мерекелік іс-шараны ұйымдастыруға балалар ойын-сауық студиясы, балалар үйінің әрбір тәрбиеленушілеріне балмұздақ сыйлаған сауда компаниясына, ҚММУ студенттері мен офтальмология, оториноларингология мен реаниматология кафедралары тарапынан жиналған қаржылай көмек пен көрсетілген қолдау балалардың үлкен ризашылығына иеленді. Іс-шара барысында балалар ойнап-күліп, кереметтей қуана белсенділік танытты.

Әсіресе, «Қаракөз» халық  ансамблінің солисті Гани Еркебұланның орындауындағы ерекше би кішкентай көрермендердің көңілдерінен шыға білді. Концерттік бағдарламаның аяқталуымен студенттерге балалар үйінде шағын экскурсия жүргізілді. Балалардың жеке-дара және шығармашылық дамуына барлық жағдайлар жасалған. Бірігіп, бірге күш салысып, балдырғандарға сыйлық, тәтті мен қуанышқа толы үлкен мереке сыйладық!

Скендирова Азима, 5-098 ОМ «Конферансье» үйірмесінің жетекшісі.

Жолдабаева Аида, 3-010 Стом

Абдрахманова Адема, 1-026 ОМ


0
5753

пікірлер

пікір қалдыру үшін.