Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сургут мемлекеттік университетіндегi академиялық ұтқырлық

Сургут мемлекеттік университетіндегi академиялық ұтқырлық

06 Маусым 2017

22.05.2017 - 26.05.2017 ж. аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тамақтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасының профессоры Н.К. Смагулов Сургут мемлекеттік университетіне барып қайтты.

Ол бітіруші курс студенттері, магистранттар мен аспиранттар үшін «Жүйелік талдау мен ақпараттық-аналитикалық моделдеу негіздері» пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша сабақ (54 сағат) жүргізді.

Сонымен қатар, профессорлық-оқытушылық құрамға Сургут университетінің мысалында қолданбалы жүйелік талдауды пайдалану және  білім алу үрдісінде күрделі жүйелер элементтерінің өзара байланысы, күрделі жүйелерде басқару мен бейімделу мәселелері туралы семинар сабақ өткізді.

Академиялық ұтқырлық аясында профессорлық-оқытушылық құрам оқытудың белсенді әдістерін қолдану тиімділігiне көз жеткізді. ЖОО оқытушылары арасында осындай тәжірибе алмасу жақсы нәтижелер береді.


0
6031

пікірлер

пікір қалдыру үшін.