Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«ТҰЛҒА» конкурсындағы жеңіс

«ТҰЛҒА» конкурсындағы жеңіс

01 Маусым 2017

22 мамырда, «Нұр Отан» ғимаратында  IV халықаралық фестиваль - «Тұлға» музыкалды-шығармашылық конкурсының финалдық кезеңі болып өтті.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен «Қаракөз» шығыс билері халықтық ансамбілінің қатысушылары қатысты.

Ұжымымыз көрермендерге «Хылқ биі» номинациясында  «Махаббат сыры» және «Русская плясовая» композициясын ұсынды.

Әділ қазылар орындаушылықтың техникасын, сюжеттің композициялық қойылымын, орындаушылықтың кәсібилігін, ұжым қатыушыларының сахналық костюмдерін бағалады және 1 – орынды  «Қаракөз» шығыс билері халықтық ансамбіліне бірауыздан беруді шешті!

Ұйымдастырушылардан сыйлық ретінде жасөспірімдер мен қыздар естелікке кубок және шоуды ұйымдастыруға арналған лазерлік  жабдықты алды.

  Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім.


0
5646

пікірлер

пікір қалдыру үшін.