Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Балалар – өмірдің гүлі

Балалар – өмірдің гүлі

25 Мамыр 2017

Балаларды қорғау күні қарсаңында «Интернатура» факультетінің СӨӨБК және 7-курс интерндері өздерінің "Балаларға күлкі сыйла"атты  концерттік бағдарламасымен «Ботакөз» балалар үйіне барып қайтты. Балаларға мерекелік шоу ұйымдастырылып, "Фиксики" мультфильмінің кейіпкерлері шақырылды. Көрініс басталғанның өзінде-ақ балалар кейіпкерлерді бірден танып, шат-шадыман болды.

Әртүрлі ойындар ойналып, би биленді. Музыка залында балалардың бақытты күлкісі естіліп, көздері қуаыншқа толы болды. Сонымен балалардың ең үлкен  "Алғысы"– бұл олардың ыстық  құшақтары болды.

Балаларды барлық интерндер атынан құттықтап келген : Тайкенова Жұлдыз 7-008 топ интерні.,  7-019 тобының интерндері Қалымбетова Ақерке, Әптиекбаева Азиза, Сыдық Айгерім, Раисова Самал 7-021 топ интерні, Дусмогомбетова Анар 7-076 топ интерні.

«Интернатура» факультетінің СӨӨБК балалрға көмекті ұйымдастырған әрбір шетте қалмаған жандарға алғыс айтады.

Әр баланың ата-анасы болғай! Балалар-өмірдің гүлі!

«Интернатура» факультеті СӨӨБК


0
5543

пікірлер

пікір қалдыру үшін.