Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Күш қолданбастан сұхбаттасуға көндіру

Күш қолданбастан сұхбаттасуға көндіру

24 Мамыр 2017

12.05.17 «Самұрық» Студенттік Республикасының Діни экстремизмнің алдын алу министрлігі  ҚММУ жастармен жұмыс жасау бөлімімен бірге «Күш қолданбастан сұхбаттасуға көндіру» тақырыбында тренинг өткізді. Ұйымдастырылған іс - шараның негізгі мақсаттары келесідей болды:

- Адамдармен нәтижелі әрі үндескен жұмыс және сұхбатты жүргізе алу үшін тұлға аралық қарым – қатынас тетіктері мен әдістерін зерттеу;

- Жеке тұлғаның дамуы, шығармашылық әлеуетті жүзеге асыру, өмір сүрудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізу процесінде жәрдемдесу.

- Тұлғаішілік және мінез өлшемдері негізінде эмоциялық бұзылыстардың алдын алу немесе түзету мақсатында қатысушылардың өзін - өзі тану және зерттеу дағдыларын дамыту.

Тренинке 1-4 курс студенттері қатысты. Жаттықтырушылар ретінде жалпы медицина және стоматология факультетінің 2- курс студенттері Амирханова Гульфия мен Саликова Сабина болды. Олар шығармашылық басымды  дамыту арқылы адамдармен қарым-қатынаста өнімді, әрі үйлесімді жұмыс пен сұхбат жасауды дамытуға негізделген әр түрлі ойындарды ұйымдастырды. Ойын барысында қатысушыларға берілген негізгі тапсырма әр түрлі тақырыптарға әңгімелесу барысында негізделген дәлелдерді қолдана отырып сұхбаттасты көндіру болды. Бұл дағдылар әр түрлі, әсіресе этносаралық және конфессияаралық деңгейде конструктивті сұхбат құруда өте маңызды.

Тренингтің ең белсенді қатысушысы жалпы медицина және стоматология факультетінің 2- курс студенті Байпакова Айым болды.

Іс- шара соңында қатысушылар өз ойлары мен тілектерімен бөлісті.

ИзтлеуоваГулден

«Самұрық» студенттік республикасының

Діни экстремизмді алдын алу министрлігі

ҚММУ жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
5634

пікірлер

пікір қалдыру үшін.