Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Экстремизм әлеуметтік ауытқу нысаны ретінде

Экстремизм әлеуметтік ауытқу нысаны ретінде

24 Мамыр 2017

Cтуденттер арасында «Экстремизм әлеуметтік ауытқу нысаны ретінде» тақырыбына «Самұрық» СР  Діни экстремизмнің алдын алу министрлігімен баяндамалар сайысын өткізілді. Жарыстың ұйымдастырылу мақсаты студенттерді дін саласында, қазіргі кездегі халықаралық проблемаға айналған экстеризм қаупі туралы ақпараттындыру болды.

Баяндамалар келесідей талаптар бойынша бағаланды:

-  Жұмыстың тақырыпқа сай болуы

-  Жұмыстың безендірілу деңгейі

-  Аудиторияға әсер ете алуы

Студенттердің жұмыстарын құрамында ҚММУ Діни экстремизмнің алдын алу комитетінің төрайымы  С.А. Никифорова, Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының оқытушысы К.Ж.Абдрахманова болған қазылар алқасы бағалады.

Іс- шара қонақтары ҚММУ ректорының көмекшісі А.Д. Қарасартов, ҚММУ АҚББ маманы Д. М. Мұратов, «Самұрық» СР президенті  Саматов Темірлан, діни экстремизмнің алдын алу министрі М.Е. Ахметчина болды.

Сайыс қорытындысы ретінде, «Экстремизм әлеуметтік ауытқу нысаны» тақырыбындағы жұмыспен  4- курс студенті Арай Дуйсенбек 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. 2 дәрежелі диплом Абуали ибни Синo атындағы Тәжік медицина университетінің  4- курс студенті Хаджиева Робиаға берілді. Сайыс жеңімпазы 4- курс студенті  Жұмабек Тоқтар 1 дәрежелі диплом иегері атанды.

Ахметчина Мадина

«Самұрық» студенттік республикасының

Діни экстремизмді алдын алу министрлігі


0
5706

пікірлер

пікір қалдыру үшін.