Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Көптілді мамандарды дайындау проблемалары, тәжірибесі және болашағы» тақырыбында ЖОО аралық ғылыми-әдістемелік семинар

«Көптілді мамандарды дайындау проблемалары, тәжірибесі және болашағы» тақырыбында ЖОО аралық ғылыми-әдістемелік семинар

22 Мамыр 2017

2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың Жол картасын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 11 мамырында ҚММУ-дың профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің тілдер кафедрасы факультет деканы м.ғ.д., профессор В.В.Приздың басшылығымен қаладағы жоғары оқу орындары арасында  «Көптілді мамандарды дайындау проблемалары, тәжірибесі және болашағы» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Қарағандылық жоғары оқу орындарының (КарМУ, ҚарМТУ, ОҚА, «Болашақ» академиясы, КЭУ, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, ҚМИУ, ҚММУ) тіл мамандары семинардың пленарлық мәжілісі мен 3 секция отырысында оқу үдерісінде және оқу барысынан тыс көптілділікті дамыту жайлы өз тәжірибелерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Оқу үдерісіне көптілділікті енгізудің жүйелілігі мен тиімділігін айғақтайтын, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгертуде әдістемелік ізденістердің қолданбалы сипатын көрсететін 30-дан астам баяндама тыңдалды.

Көп тілді мамандар даярлауда өзара тәжірибе алмасу мен жетістікке жету жолдарын талқылаған бұл семинардың қатысушылар үшін пайдасы мол болды.


0
5556

пікірлер

пікір қалдыру үшін.