Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ Миссі және Мистері – 2017

ҚММУ Миссі және Мистері – 2017

22 Мамыр 2017

5 мамырда КМС жыл сайынғы «ҚММУ Миссі және  Мистері – 2017» конкурсы болып өтті.

  Конкурстың финалына іріктеу кезеңінен 16 үздік сүйкімді және тартымды жігіттер мен қыздар шықты:

  Қанатбеков Дулат (3-015 ЖМ), Қаирбаев Самат (2-001 Стом), Елубай Мағжан (2-020 ЖМ),  Багитжанов Ербұлан (3-001 ЖМ), Меңдібеков Дамир (1-017 ЖМ), Жалғасов Тимур (1-026 ЖМ), Ахмет Мағаз (2-007 ЖМ) және Гоутам Анкит. Қанатова Альбина (2-022 ЖМ), Мырзахметова Камила (2-021 ЖМ), Ходжива Робия (4-001 ЖМ), Жишу Тияги (3-016 ЖМ), Тольтаева Анеля (1-003 Стом), Шайхина Жанар (3-031 ЖМ), Кажиева Амина (3-001 ЖМ) және Шаймарданова Ляззат (2-028 ЖМ).

Осы жолы ұйымдастырушылар іс-шара форматын өзгертуді ұйғарды және конкурсты өзгеше өткізуді шешті.  Конкурстық бағдарлама төрт турдан тұрды:

  I тур - Сәлемдесу, мұнда студенттер өздері туралы қысқаша айтты;

  II тур - «Белгілі тұлғалар» , бұл кезеңде қатысушылар тарихи тұлғалар кейіпіне ену қажет болды: Петр I, Наполеон  Бонапарт, Томирис Патшайым, Клеопатра және т.б.;

  III тур - «Сұрақ-жауап», жүргізушілердің шытырман сұрақтарына жауап бере отырып, білімдерін көрсетті;

  IV тур – «Шығармашылық конкурс», онда қатысушылар өздерінің таланттарын паш етті.

  Барлық қатысушылар конкурсқа жаауапкершілікпен дайындалды және әділ-қазыларға үздіктерін іріктеу оңайға соқпады... Бірақ ұзақ талқылаудан кейін, құзіретті әділ-қазылар өздерінің шешмдерін шығарды:

  ҚММУ Миссі 2017 титулын жалпы медицина және стоматология факультетінің 1 - курс студенті Тольтаева Анель жеңіп алды;

  ҚММУ Мистері 2017 болып шетел факултетінің 4 - курс студенті Гаутам Анкит табылды;

  Вице-мистер жәневице-мисс титулдарына  Елубай Мағжан және Қанатова Альбина ие болды.

  Қызықты шоу жоғары деңгейде өтті. Залды мерекелік атмосфера жайлады, көрермендер қатысушыларды белсене қолдап отырды және жүргізушілердің: Мусабаев Ерсайын, Игенбекова Адина, Жармаева Асем, Қырықбаева Олжас және Тельманов Айдынның әзілдерін қолдап отырды.

  Іс-шара соңында көрермендер ұйымдастырушылар мен конкурстың қатысушыларын есте қаларлық естеліктер және ғажап шоу үшін алғыстарын білдірді.

  Скендирова Азима

   ( «Конферансье» үйірмесінің жетекшісі)

   Маматиминова Минура

   («Конферансье» үйірмесі)


0
6475

пікірлер

пікір қалдыру үшін.