Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Пікірталас алаңына қатысу

Пікірталас алаңына қатысу

10 Мамыр 2017

«Замануи білім беру жүйесіндегі политілдік оқытуды іске асыру» республикалық ғылыми-практикалық семинарының аясында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Әлем халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері» тақырыбымен шетелдік студенттердің қатысуымен пікірталас алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараға қаламыздың жоғары оқу орындарының тіл кафедраларында оқитын Үнді, Ауғанстан, Иорданиядан келген студенттер қатысты. Пікірталас алаңының жұмысына студенттер Даршан Кумар, Раджат Бхандари, Сакшам, Хариом, Дхаял Рохиташ орыс тілі кафедрасы оқытушыларының басқаруымен белсенді қатысты. Студенттер өз елдерінің мәдениеті мен дәстүрлері, тілі мен тарихы туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Осындай шаралар коммуникативтік дағдыларды, полиэтникалық кеңістіктегі әртүрлі мәдениеттер өкілдерінің қарым-қатынас пен өзара әрекет жасауға бейімділіктерін қалыптастырады. 



0
5899

пікірлер

пікір қалдыру үшін.