Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазан қаласындағы академиялық ұтқырлық

Қазан қаласындағы академиялық ұтқырлық

10 Мамыр 2017

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Қазан мемлекеттік медицина университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды жүргізу үшін №1 ЖДТ кафедрасының доцент м.а. Л.С.Хайдаргалиева шақырылды. 17 - 22 сәуір аралығында сабақтар «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәні бойынша жүргізілді.

ҚазММУ – бұл екі жүз жылдан астам тарихы бар университет, 1804 жылы император Александр І  бұйрығымен ашылған. Академиялық ұтқырлық бөлімінің қызметкерлерімен университеттің мұражайы бойынша экскурсия ұйымдастырылды, ол басты корпустың екі қабатын алады.

Менің кураторым ҚазММУ госпиталды терапия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., доцент Абдулганиева Диана Ильдаровна болды. Кафедрада 4,5,6 - курс студенттер, сондай-ақ 52 интерн, ревматология бойынша 1 және 2 жылдың 12 ординаторлары, 8 аспиранттар оқытылады.

Оқыту мәселелі таныстырылым-дәрістер және интерактивті оқытуды қолданумен тәжірибелік сабақтар түрінде ҚазГММУ госпиталды терапия кафедрасының клиникалық базаларында жүргізілді. Мәселелі  дәрістер 6 курс студенттеріне жүргізілді.

Мен кафедраның негізгі клиникалық базасында – Республикалық клиникалық ауруханасында болдым. Бұл жоғары мамандандырылған көмек көрсететін толық ауруханалық кешен. Оқу бөлмелері өте үлкен, жарық, жабдықталған.

Тәжірибелік сабақты 5 - курс студенттеріне Қазан қаласының №7 Емхана базасында жүргіздім. Емхана қаланың ортасында бұрынды көпес үйінде орналасқан. Ғимарат көз тартарлық, көркем.

Соңғы күні қабылдаушы тарап қала бойынша экскурсия ұйымдастырды және ерлердің Раиф монастыріне апарды. Қазан мыңжылдық тарихы бар өте әдемі, таза  қала. Біз барған Қазандағы Кремль ЮНЕСКО-ның тарихи ескерткішіне жатады. Кул Шариф мешітінің мұнараларының биіктігі мен сәулет стилі таң қалдырады. Бауман көшесі де қайран қалдырды – Қазан қаласының орталығындағы өтпелі аймақ, мұнда коп тарихи ескерткіштер бар: Екатерина күймесінің үлгісі, Қазан мысығына ескерткіш, ұлттық асханасы бар кафелер. Казанка өзенінің жағасымен қыдырдық, мұнда тұрғындар үшін барлық жағдайлар жасалған. Қазан Федералды университетінің студенттер мәдениет үйінің «Студенттік көктем» фестивалінің есептік концертіне бардым. Қатысушылардың дайындық деңгейі, декорациялары, киімдері таң қалдырды, бәрі кәсіптік деңгейде өткізілді.

Көргендерімнің бәрі өшпес әсер қалдырды және осы керемет қалаға қайтадан қайтып келуге үміттенемін.

Татарстанға баруға мүмкіндік туғызған үшін және Қазан мемлекеттік медицина универистетінде жұмыс атқарғаным үшін ҚММУ ректоры, м.ғ.д., профессор Раушан Сұлтанқызы Досмагамбетова ханымға және халықаралық ынтымақтастық және Болон процесі бөліміне шын көңілмен ризашылығымды білдіремін.

Л.С.Хайдаргалиева

№1 ЖДТ кафедрасының доцент м.а.


0
6099

пікірлер

пікір қалдыру үшін.