Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПАЛАТА» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ 4-ШІ СЪЕЗДІ

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПАЛАТА» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ 4-ШІ СЪЕЗДІ

10 Мамыр 2017

Сәуір айының 14-15 жұлдысында Шымкент қаласында  профессор  М.К. Құлжановтың жетекшілік етуімен «Республикалық медициналық палата» қоғамдық бірлестіктің  4-ші съезді болды. Бұл жиынға Қарағанды облысының атынан  Қарағанды облысының  Денсаулық сақтау басқармасының  ҚММ «Облыстық қан орталығы» жетекшісі  Т.М. Садуақасов, Қарағанды қаласының Медициналық қоледжінің директоры А.Н.Нұрбеков және ҚММУ-ң  еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасының меңгерушісі Е.Н. Сраубаев қатынасты.

 Қоғамдық бірлестіктің 4-ші съездінде  Республикалық медициналық палатаның облыстық филиалдарынан   70-тен аса, медициналық және ғылыми орталықтардан, қоғамдық бірлестіктерден, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің басқармалары мен комитеттерінен  100-ден аса  ресми делегаттар қатысты. Сонымен қатар бұл жиынға Оңтүстік Қазақстан  облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және облыстың медициналық оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Съезде мына мәселелерге басымдылық берілді:

-  Денсаулық сақтауды дамытудың құқықтық базасын жоғары сатыға қөтеру, ҚР-ның  заңнамаларына медицина қызметкерлеріне арналған баптарына өзгерулер енгізу.  Денсаулық сақтаудың алыдына қойған міндеттері мен мақсаттарын іске асыру үшін саланың кадрлық әлеуетін көтеру қажеттілігі;

-  Жоғары оқудан кейінгі және қосымша кәсіби білім беру бағдарламаларында медициналық қызметкерлердің қажеттіліктері ескерілуі қажет. ҚРДС сапа жайындағы біріккен комиссиясы бекіткен медициналық көмек көрсету стандарттары және клиникалық хаттамаларды ескере отырып мамандарды тәжірибеге жіберу.

-  Кредиттік балдарды жинақтау механизімдерін қолдана отырып  дипломнан кейінгі  үздіксіз медициналық білім алу жүйесін жетілдіру.

-   ӘДҰ (ВОЗ) және аккредитация бойынша халықаралық қауымдастығы принциптерін негізге ала отырып  ҚР ДС және жергілікті басқару органдарың қатысуымен   «Республикалық медициналық палата» бірлестігі  медициналық мекемелерді аккредитациялауды әрі қарай жетілдіру

-  Кәсіби медициналық қоғамдастықты белсенді қатыстыра отырып дәрігерлер мен мейірбикелерді  біліктілік аттестациялау мен сертификациялауды жетілдіру. Әрі қарай бұл қызмет түрін республиканың барлық аймақтарында жұмыс жасайтын  Республикалық медициналық палатаға  тапсыру.

Жан-тәнімен толық жұмысты беріліп істеуге ынталандыру үшін дәрігерлердің әлеуметтік құзіретін жоғарлату және материалдық жағдайын жақсарту ең маңызды факторлардың бірегейі болып табылады. Съездің шешімі бойынша медициналық қызметкерлердің еңбек ақысын мемлекетіміздегі  орта жалақыдан жоғары деңгейге тез арада  көтеру аса маңызды шара болып табылады.

 «Республикалық медициналық палата» қоғамдық бірлестіктің  4-ші съезді  қорытындысы бойынша Қазақстан халқының  денсаулығын жақсарту  және  өмір сүру барысында  жоғары деңгейде ұстап тұру  Қазақстан медицина қызметкерлерінің ең маңызды  мақсаты болып табылады.

м.ғ.д., профессор, Е.Н. Сраубаев,

ҚММУ-ң  еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар,

балалар мен жасөспірімдер гигиенасы

кафедрасының меңгерушісі .


0
6407

пікірлер

пікір қалдыру үшін.