Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
М.И. Перельман атындағы хирургиядан ХХVI Мәскеу (Бүкіл Ресейлік) студенттік олимпиадасына интерндер мен студенттердің қатысуы

М.И. Перельман атындағы хирургиядан ХХVI Мәскеу (Бүкіл Ресейлік) студенттік олимпиадасына интерндер мен студенттердің қатысуы

05 Мамыр 2017

12-15 сәуір аралығында И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу Мемлекеттік Медициналық Университетінде М.И. Перельманның атындағы хирургиядан  16-шы Мәскеу (Баршаресей) студенттік олимпиадасының финалы өтті. Олимпиадаға Ресей, Белоруссия, Украина, Қазақстан, Моңголия, Қырғызстан студенттері және интерн-дәрігерлері қатысты. Біздің университет атынан Долотбек Амангелді (ЖМ 5-інші курс), Золотарев Валентин (ЖМ 5інші курс), Кенжебай Аділет (6-інші курс хирург интерні), Темірбаев Даниар (6-інші курс хирург интерні), Жиганшина Ильмира (ЖМ 5-інші курс студенті) және Аманжолова Динара (6-інші курс хирург интерні)  жарысқа түсті.

Біздің топ абдоминалды хирургия, урология, пластикалық және микротамырлық хирургия, травматология, десмургия, кеңірдек интубациясы және де басқа жарыстарда қатысты.

Біз осы олимпиадада ұсынған оталарды жасау әдістерінен  бағажетпес тәжірибе алдық және басқа университеттерден келген болашақ әріптестермен достастық.

Осындай халыкаралық деңгейдегі олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берген ҚММУ ректоры Р.С. Досмағамбетова ханымға  және  әкімшілігіне үлкен алғыс айтамыз.


0
5868

пікірлер

пікір қалдыру үшін.